Азия үстел теннисі Одағы (ATTU) Қазақстан Федерациясына жоғары халықаралық санаттағы төреші Тимур Ходжаевтың (Қарағанды) Азия ойындарының төрешілер бригадасының құрамына (Жапония, 2026 жылғы қыркүйек), ал халықаралық санаттағы төрешілер Гүлназ Жалалдиннің (Алматы) және Рустам Мираслановтың (Шымкент) Азия паралимпиада ойындарының (Жапония, 2026 жылғы қазан) құрамына енгізілгені туралы хабарлады.
Қазақстандықтар өз тәжірибелерінің, тамаша нәтижелерінің
негізінде іріктелді және бұл біздің төрешілердің ең жоғары біліктілігінің танылғанын
көрсетеді.

Талап Қойбағаров

