Қазақстан 13-18 қыркүйек аралығында Алматыдағы жаңа
"ADD" үстел теннисі орталығында өтетін үстел теннисінен беделді
"WTT Contender Almaty" халықаралық турнирін қабылдайды.
МҰНДА БЕЙНЕ: https://www.instagram.com/p/CiZwuD7M7vy/?hl=ru
Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық Олимпиада Комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына және Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ бас демеуші - Самұрық-Қазына, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры", "ADD Capital", "PTC Holding", "Qazaq Oil", "Қазақмыс корпорациясы", "Sulpak", "Halyk bank" демеушілеріне және турнирдің ақпараттық серіктесі - "QAZSPORT" телеарнасына алғыс білдіреді.