Қазақстанда үстел теннисін дамыту туралы

07.12.2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев NUR.KZ. порталына сұхбат берді.

-Ең бірінші, Сізді Қазақстан Республикасы үстел теннисі ФедерациясыныңПрезиденті ретіндеТМД аумағында алғаш өтетін Турнир, Гранд финал турнирін өткізу бойыншақұттықтауға осындай ғажайып мүмкіндік алдық! Барлығы білгісі келетіндей,осындай көлемдегі турнир не себепті тек қана бізде өтетіндігі?

Рахмет. Шын мәнінде, осындай турнирді өткізу – барлық Үстел теннисі Федерациясына үлкен табыс. Қазақстан тек өз спортшыларымен мақтанумен қатар, ірі халықаралық жарыстарды өткізуде спорттық держава ретінде де әлемге танылды.

Біздің еліміздің Тәуелсіздігі жылдары ішінде спорттың әр түрі бойынша әлемдік масштабта турнирлер өткізілді. Енді үстел теннисінің әлемдік картасында үлкен танымалға ие Астана болады.

Үстел теннисі федерациясына үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін ұмытпауымыз керек. Біз мұны жақсы түсінеміз. Турнирге дайындық бойынша Федерация үлкен жұмыстар жүргізді. Әлемдік БАҚ-та кеңінен талқыланатын Гранд Финал табысына үміттенеміз.

Сонымен қатар, қазақстандық шеберлер үшін бүтіндей елдің танымал ойыншыларынан үйренуге, бұл үлкен мүмкіндік.

- Бірнеше жылдардың ішінде қазақстандық спорт жанкүйерлері әлемдік ауқымдағыүстел теннисі жұлдыздарының ойындарын тамашалауғамүмкіндік алуда. Қазақстанда осы спорт түрін дамыту ісі қалай болып жатыр, біздің үстел теннисінің деңгейі қандай?

Үстел теннисі - ең бұқаралық және қол жетімді спорт түрлері. Қазақстанда үстел теннисімен жүйелі түрде айналысатындар саны – шамамен 150 мың адам. Екі жүзден астам жаттықтырушылары бар, бес мыңнан жоғары спортшылар осы спорт түрімен кәсіби айналысатындар.

Бүгін, өкінішке орай, осы қызықты да қиын ойынның бәсекеге қабілетті әлемдік көшбасшылары Қытайдан немесе Жапониядан біз мақтана алмаймыз. Бірақ біздің спортшылардың өз күшіне тырысып,баға жетпес тәжірибе ала отырып, жігерлі болуларына мүмкіндік бар.

-Үстел теннисінде соңғы уақытта өзгерістер байқалуда. Айтыңызшы Федерация мен спортшылар алдында қандай мақсаттар қойылған?

Елімізде бұқаралық спортты дамыту бойынша Федерация алдында кешенді міндеттер тұр. Біз, бірінші кезекте, салауатты өмір салтынұстануосында қалыптасатындықтан, балалар-жасөспірімдер спортына назар аударамыз. Басты міндеттердің бірі спортты барлық аймақтардадамыту болып табылады.

Жоғары жетістіктер спортына қатысты, Федерация үстел теннисі бойынша Қазақстанның ұлттық құрамын қалыптастырумен шұғылданады. Жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру, халықаралық турнирлерге спортшыларды қатыстыру бойынша осында үлкен жұмыстар басталды.

Бәсекеге қабілетті деңгейге жету үшін, біз спортшыларды өздерінің шеберліктерін шыңдауға, еңбектенуге шақырамыз. Федерация тарапынан тиісті ұйымдастыру кезінде,бұл әбден нақты міндеттерболып табылады.

-Ұлттық құраманың кадрын толықтыру аймақтардан құралады. Сіз аймақтарда осы спорт түрін дамытуға аса мән беретіндігіңізді айттыңыз, сол туралы айтып бересіз бе?

Жас өспірімдер спортын дамытуға баса назар аударамыз – еліміздің барлық аймақтарында үстел теннисімен шұғылдануға жағдай жасалуы тиіс. Биылғы жылы Федерация жабдықтарды жаңартудың басты мәселесі болған облыстық филиалдардың жаттығу залдарының жағдайларына тексеру жүргізді. Сол себепті біз 100 пайдаланатын үстелдер мен 500 қоршаулы кедергілерді сатып алдық және облыстарға жібердік.

Негізгі құрама жаттығу базасы болып табылатын және республикалық бұқаралық спорт шаралары мен жарыстарының негізгі бөлігін өзінде қабылдайтын Алматының спорт залында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңартудан кейін-ақ осында еліміздің түрлі аймақтарынан 60 жас өспірім қыздар қатысып, балалар үйлері мен мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында үстел теннисі бойынша «Пинг-понг Ханшайымы» республикалық турнир өткізілді.

Біз кәсіби жаттықтырушылар кадрының болғанына ерекше мән береміз. Федерация еліміздің облыстарында жаттықтырушылардың біліктіліктерін арттыру бойынша семинарларды ұйымдастыруды қолға алды.

Бұд біздің алғашқы бастамаларымыз. Желтоқсанда Астана әлемдік үстел теннисінің орталығы болады, біздің спортшымыз К.Герасименко үшін жанкүйер болуға осы аса маңызды шараға барлық қонақтар мен астана тұрғындарын шақырар едім.

- Кез келген спорт түрін дамыту бұқара халықтан. Халықтар арасында насихаттау туралы әңгіме айтсақ деп едім. Осы мәселенің шешімін қалай ойлайсыз?

Үстел теннисі барлығына– қымбат киім-кешектердің болуын талап етпейтін әлемдегі ең қолжетімді спорт түрі. Осы спорт түрінің кең таралуымен, дені сау ұлттың дамуын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды дамыта аламыз. Қазақстанда үстел теннисін дамыту үшін Астанада Гранд-финалды өткізу үлкен серпін алатындығына сенімдімін.