ҚР спорт федерацияларына 2020 жылдың күзіне дейін ел аумағында іс-шараларды өткізбеу ұсынылды. 15 түрлі турнирлер оданда кеш уақытқа шегерілді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, төтенше жағдай мен карантинге байланысты барлық спорттық іс-шаралар қайта қаралып, екінші жартыжылдыққа ауыстырылды. "Аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты спорттық жарыстарды өткізу туралы қосымша хабарланатын болады", - деп атап өтті Райымқұлова. Сонымен қатар, министрлік шетелдік спортшыларды шектеу мерзімі аяқталғанға дейін жарыстарға қатыстырмауды ұсынды. Райымқұлованың айтуынша, спорттық іс-шараларды кейінге қалдыру, мемлекетке 3,7 млрд теңге көлеміндегі соманы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Kursiv.kz.