Қазақстанда халықаралық деңгейдегі төрешілер саны айтарлықтай өсуде

18.11.2026

ITTF Education білім беру платформасында үстел теннисі бойынша төрешілердің халықаралық санатын алу үшін біліктілік онлайн емтиханы өтті. 27 қазақстандық қатысты, олардың 21-і емтихандарды сәтті тапсырды.

Олар Жоламан Өтен (Маңғыстау облысы), Зауре Омарова (Алматы), Акылбек Успанов (Батыс Қазақстан облысы), Ислом Моминов (Жамбыл облысы), Азамат Алтай (Шымкент), Артём Орёл (Қарағанды облысы), Раушан Исламгалиева (Маңғыстау облысы), Агиза Шалабаева (Астана), Эльяд Айтбаев (Алматы), Нурсултан Саликов (Қарағанды облысы), Мурат Аскаров (Павлодар облысы), Лаура Табажанова (Қостанай облысы ), Андрей Швайдюк (Астана), Акмарал Жалмагамбетова (Маңғыстау облысы), Манарбек Канкетаев (Астана), Серик Мурзаспаев (Астана), Аружан Кабдрашева (Астана), Егор Амельченко (Павлодар облысы), Валентина Успанова (Алматы), Мафтуна Каримжонова (Түркістан облысы) және Адил Абен (Түркістан облысы).

Құттықтаймыз!

50-ден 49 балл жинаған Жоламан Өтенді (суретте), Зәуре Омарованы (48 балл), Ақылбек Успановты (48 балл), сондай-ақ халықаралық емтихандарға дайындалу үшін Telegram-ботты әзірлеген және жасаған судья Андрей Швайдюкті атап өту қажет.


Онлайн емтихан екі жылда бір рет өткізіледі және бүгінгі күні Қазақстанда үстел теннисі бойынша халықаралық санаттағы 50 төреші бар.


Талап Қойбағаров