Қазақстан WTT Contender Almaty беделді халықаралық турнирін бесінші рет қабылдайды

25.08.2026

1-6 қыркүйек аралығында Алматыда WTT Contender Almaty үстел теннисінен 100 000 АҚШ доллары жүлде қорымен халықаралық турнир өтеді.

Биыл жарысқа: Германия, Үндістан, Испания, Италия, Йемен, Қытайлық Тайбэй, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Пуэрто-Рико, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Франция, Швеция, Эквадор, Корея Республикасы, Жапония және Қазақстан 19 спорт делегациясының атынан 120-дан астам спортшы қатысады. Жанкүйерлер әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының матчтарын көруге мүмкіндік алады, олардың арасында:


Дмитрий Овчаров (Германия) – жеке разрядта Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері;

Сюнсукэ Тогами (Жапония) - жұптық әлем чемпионы;

Хина Хаята (Жапония) - командалық турнирде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

Кирилл Герасименко (Қазақстан) - командалық және ерлер арасындағы жеке разрядтардағы Ислам ынтымақтастығының VI ойындарының жеңімпазы.


Медальдар ерлер мен әйелдер арасында жеке, жұптық және аралас сандарда ойналады.


Жарыстың тікелей көрсетілімдері Qazsport телеарнасында және World Table Tennis (WTT) ресми YouTube-арнасында қолжетімді болады.


«ADD Ustel Tennis Ortalygy» үстел теннисі орталығы, Нұркент ш / а, 14б.


Көрермендер үшін кіру тегін