2-7 қыркүйек аралығында Алматыда жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайтын "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирі өтеді.
Биыл жарысқа әлемнің 21 елінен 143
спортшы қатысады, олардың ішінде Австралия, Вьетнам, Германия, Үндістан, Иран,
Испания, Қытай, Корея, Люксембург, Малайзия, Мексика, Румыния, Сауд Арабиясы,
Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Өзбекстан, Франция, Жапония және
Қазақстан бар.
Жанкүйерлер үш дүркін Еуропа чемпионы ТОП-16
Дарко Йоргич (Словения), жастар
арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сора Матсушима (Жапония), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Шань Сяона (Германия), әлем
чемпионатының қола жүлдегері Хонока
Хашимото (Жапония) сияқты әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының матчтарын
тамашалауға мүмкіндік алады.
Медальдар ерлер мен әйелдер арасында
жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойналады.
Турнирдің тікелей көрсетілімдері
"Qazsport" телеарнасында және World Table Tennis (WTT) ресми
YouTube-арнасында қолжетімді болады.
Халықаралық турнир "ADD Ustel
Tennis Ortalygy" ОҮТ-де өтеді. Нұркент ш/а, 14Б).
Кіру ақылы, билеттерді сайттан сатып
алуға болады kino.kz.

