Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абылғазинның бұйрығымен Федерацияның атқарушы директоры лауазымына Александр Леонидович Перевалов тағайындалды.
Александр
Перевалов– КСРО спорт шебері, (1977,
1978, 1979, 1980 және
1984 ж.ж.) Қазақстанның жеке есептегі 5-дүркін чемпионы, КСРО командалық
чемпионатының «Спартак» ОК құрамындағы күміс жүлдегері, «Спартак» жастар
Орталық Кеңесі арасындағы КСРО–ның бірнеше дүркін
чемпионы. 1998-2010 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған.