Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатын өткізеді

13.09.2023

2024 жылы Алматыда үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді. Кеше, 12 қыркүйекте Қазақстан Федерациясы ATTU Азия үстел теннисі Одағынан ресми растау алды.

"Қазақстан барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізетін ел ретінде өзін бұрыннан танытып келеді. Жылдан жылға олар халықаралық үстел теннисі турнирлерін ұйымдастыруда жоғары кәсібилікті көрсетуде. Сондықтан, біз Қазақстанда осындай ірі бастаманың табысты болатынына сенімдіміз", - деп түсіндірді ATTU.

Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты 2025 жылы Дохада (Катар) өтетін жеке әлем чемпионатына біліктілік жарысы болып табылады.

"Біз бұған кезең-кезеңімен келдік, алдымен ТМД және Орталық Азия елдері арасында турнирлер ұйымдастырдық. "World Tour Grand Finals" әлемдік сериясының қорытынды турнирін қабылдап, Сontender сериясының әлемдік старттарын үш рет өткіздік. Біз ITТF халықаралық Федерациясы мен WTT әлемдік үстел теннисі сарапшылары атап өткендей күннен күнге өсіп келеміз. Бізде өз ісін білетін мамандардың тамаша командасы бар. Сондықтан мен үлкен деңгейге шығуға дайын екенімізді сенімді түрде айта аламын. Бұл бәріміз үшін маңызды қадам. Біз құрлықтық біріншілікті лайықты өткізуге және Алматыда үстел теннисінің нағыз мерекесін ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз", - деді Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Оңтүстік Кореяда өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік сегіздікке еніп, 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Енді, келесі жылы біздің спортшыларымыз үй турнирінде өзін көрсетуге және жеке разрядта 2025 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік алады.

Азия чемпионаты 2024 жылдың күзінде өтеді деп жоспарлануда.