Egypt Cup - үстел теннисінен әлем чемпионаттарының достығының, сабақтастығы мен бірлігінің символы. Кубокты Египет королі Фарук I 1939 жылы әлемдік біріншілік Каирде өткен кезде сыйға тартты. Содан бері Egypt Cup Әлем чемпионаттарын өткізетін елдер достығының ресми символы болды және салтанатты жабылу рәсімдерінде ерекше орын алады.
Марапаттау
рәсімі аясында Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин
Египет үстел теннисі федерациясының президенті Ашраф Хелмиден Egypt Cup-ты
қабылдады, ол өз кезегінде Англия үстел теннисі федерациясының президенті Клэр
Бригалдан кубок алды.
Egypt Cup-ты
тапсыру рәсімі дәстүрлі түрде Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF)
туын ресми түрде тапсыру алдында өтеді, бұл әлем чемпионаттарының сабақтастығын
және келесі қожайын елге өту құқығының ауысуын білдіреді.

