Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған қазақстандық теннисші Анастасия Лаврованың атына құттықтау жеделхатын жолдады. "Құрметті Анастасия, Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының атынан Сізді Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алуыңызбен құттықтаймын. Сіздің Катардағы біліктілік іріктеу турнирінің финалындағы әсерлі де жігерлі жеңісіңіз қазірдің өзінде жетістік, ал Қазақстан құрамасының біздің спорт түріндегі Токио-2020 - ға алғашқы жолдамасы-отандық спорттың барлық жанкүйерлері үшін үлкен қуаныш. Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын және Олимпиада ойындарына жемісті және табысты дайындалуыңызға тілектеспін", - делінген жеделхатта. Естеріңізге сала кетейік, Дохада үстел теннисінен Токиодағы Олимпиада ойындарына арналған Орта Азия аймағының біліктілік іріктеу турнирі аяқталды. Қазақстандық Анастасия Лаврова лицензияға ие болды. Іріктеу турнирінің ережелеріне сәйкес, жарыста Олимпиадаға екі лицензия ойнатылды. Біреуі ерлерге, екіншісі әйелдерге. Турнирдің финалында қазақстандық теннисші өзбекстандық қарсыласы Мархабо Мағдиеваны 4:2 есебімен жеңіп, Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды.