Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының бас төрешілер алқасының отырысы өтті, онда 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, атап айтқанда келесі мәселелер талқыланды:
- жарыстарда төрешіліктің жоғары деңгейін қолдау;
- ITTF халықаралық төрешілерін тарта отырып, спорт төрешілерінің
біліктілігін арттыру бойынша сабақтар өткізу;
- төрешілік санаттарын беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды
әзірлеу;
- төрешілер семинарларын ұйымдастыру;
- төрешілерді аттестаттаудан өткізу ережесі мен тәртібі;
- чемпионаттарға, біріншіліктерге, Қазақстан кубогына,
халықаралық жарыстарға қызмет көрсету үшін төрешілерді іріктеу жүйесі;
- бас төрешілер алқасы өкілдерінің өткізілетін спорттық
іс-шараларға барынша қатысуын қамтамасыз ету;
- бас төрешілер алқасының чемпионаттардағы, Қазақстан
Кубогының біріншіліктеріндегі, халықаралық жарыстардағы жұмысына жыл сайынғы
талдау;
- Астана, Алматы, Шымкент, Қазақстан облыстарының төрешілер
алқаларының басшыларын даярлау және сайлау.
Бас төрешілер алқасы отырысының қорытындысы бойынша қатысушыларға
нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Талап Қойбағаров

