Қазақстан үстел теннисі Федерациясында жаңа бас хатшы

14.06.2018

Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясы президенті Данияр Абылғазиннің бұйрығымен республика Федерациясының бас хатшысы қызметіне Данил Пак тағайындалды, осыған дейін орындаушы директор қызметін атқарып келген болатын. «Жұмыстың өткен кезеңінде», Данил Пак өзін жақсы жағынан көрсетті. Аймақтарда үстел теннисін дамыту және көпшілікке таныту бойынша, спортшылардың жарыстарда іссапарлық мәселелерін шешу, спорттық жабдықтармен және мүкәммалмен қамтамасыз ету, жаңа үстел теннисіне арналған стационарлық залдар ашу, халықаралық спорт аренасында ұйымдармен қарым-қатынастарды нығайту, жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастыру деңгейін көтеру сияқтыүлкен жұмыстар атқарылды. Үстел теннисі республикамыздағы бұқаралық, қол жетімді спорттың түрі, бұл спортпен жүйелі түрде 150 мың адам, және оның ішінде 5 мыңнан жоғары кәсіпқой спортшы, 200 жаттықтырушыайналысады. Данил Пактің басқару тәжірибесі Федерацияның қызметінде жаңа серпін береді деп сенімдімін және үстел теннисін қарқынды дамыту бағытын жалғастыру үшін мүмкіндік береді», - деп айтты Данияр Абылғазин.

Өз кезегінде, Данил Пак Федерация басшылығына өзіне сенім білдіргендері үшін алғысын айтты және осы спорт түрін елімізде дамытудағы міндеттерді сәтті шешу үшін барлық күш-жігерін және білімін салатынын айтты.