Құжат Республикалық үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пактың және Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Калиевтің қолдарымен бекітілді.
Ынтымақтастық
Қазақстанда үстел теннисін қолдау мен дамытуға, спорттың қолжетімділігін
арттыруға және әртүрлі жастағы спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Республикалық
үстел теннисі Федерациясының
бас хатшысы Данил Пак:
"Бүгін
біз үстел теннисін дамыту жөніндегі республикалық бағдарлама шеңберінде ынтымақтастық
туралы екіжақты келісім жасадық. Оның мақсаты-өзара қолдауды нығайту, біздің
спорт түрін
танымал ету, бірлескен жобаларды іске асыру және серіктестіктің жаңа нысандарын
дамыту.
Сонымен
қатар, біздің федерацияның
басшысы бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және Қазақстан
Үстел теннисі Федерациясының
негізгі басымдықтарының бірі болып табылатын қолайлы жаттығу жағдайларын жасауға
ерекше назар аударатынын атап өткім келеді. Жыл сайын еліміздің әртүрлі аймақтарында
жаңа орталықтар, спорт
мектептерінде спорт залдары мен үстел теннисі бөлімшелері ашылуда, бұл біздің спортымызды балалардан
бастап үлкен
жастағы адамдарға дейін барлығына қолжетімді етеді.
Бүгінгі таңда үстел теннисі айтарлықтай үлкен болашақ көрсетуде: ол бұқаралық, әлеуметтік маңызды болып қала беруде және сонымен бірге кәсіби деңгейде жақсы нәтиже көрсетуде. Olimpbet компаниясымен ынтымақтастық осы серпінді нығайтуға және үстел теннисін Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің біріне айналдыруды жалғастыратынына сенімдімін".

