Қазақстан Республикасының спорт шеберлері

12.09.2025

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Ноила Ханиязоваға (Түркістан облысы) және Шахзода Ахмадалиеваға (Түркістан облысы) "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы берілді.

Ноила - Жұптық разрядта Жастар ойындарының чемпионы, миксте "WTT Youth Сontender Tashkent 2025" турнирінің жеңімпазы, жеке есепте "WTT Youth Сontender Batumi 2024" турнирінің үшінші жүлдегері, ел чемпионаты мен Қазақстан Кубогының қола жүлдегері, ҚР жасөспірімдер чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.


Шахзода - Жұптық разрядта Жастар ойындарының чемпионы, ел чемпионаты мен Қазақстан Кубогының қола жүлдегері, ҚР жасөспірімдер чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.


"Қазақстан Республикасының спорт шебері" құрметті атағымен құттықтаймыз. Қол жеткізілген жетістіктермен тоқтамауды, өшпес ынта, жарқын жеңістер және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз. Денсаулық, сәттілік, бақыт!

Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар".