Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Альбина Жақсылықоваға (Қарағанды) "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы берілді.
Альбина-Қазақстан Кубогының иегері, командалық есепте ҚР VI Жастар спорт ойындарының чемпионы, жеке және жұптық разрядтарда ел чемпионатының жүлдегері, "ТОП-16", республиканың жасөспірімдер және жастар чемпионаттарының алтын медалінің жеңімпазы.
"Қазақстан Республикасының спорт шебері" құрметті атағымен құттықтаймыз. Қол жеткізілген мықты шеберліктермен, жарқын жеңістермен және жаңа шыңдарды бағындырумен тоқтамауды тілейміз. Денсаулық, сәттілік және жақын адамдар әрқашан қолдау көрсете берсін! Құрметпен, Республикалық үстел теннисі федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар кеңесі, спортшылар".