Қазақстан Республикасының Ұлттық командасында жаңа бас бапкер

06.02.2026

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығымен үстел теннисінен ҚР ұлттық командасының бас бапкері болып спорт шебері Таиландта, Үндістанда Азия жастар чемпионаттарының, Германияда, Жапонияда әлем чемпионаттарының, қатысушысы Сағымбаев Әсет Аманкелдіұлы тағайындалды

Спорттық мансабы жолында Қазақстан чемпионатының, республикалық спартакиаданың, халықаралық турнирлердің медальдарын жеңіп алды.

Ақтөбе облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.


Талап Қойбағаров