Орынборда Суперлига әйелдер командаларының арасында Ресей Үстел теннисі федерациясының Аймақтық чемпионатының алғашқы туры аяқталды. «УГМК-Резерв» (Жоғарғы Пышма), КНТ «Тюмень» (Тюмень қ.), «УОР» (Казань қ.), «Факел» (Орынбор), «ММК-Олимпия» (Магнитогорск), «Терехино» (Новокузнецк), «Казаночка» (Казань) компанияларында Астана спортшылары Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Айя Алимбаева және Гулчехра Хусейновалар өнер көрсетті. Біздің қыздар жеті кездесулер өткізді және төрт рет жеңіске жетті. Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің сұхбаты: «Біздің Зәуреш Ақашева барлық матчтарда үлкен жеңістерге жетті, ол команданың жүрек дүрсілі, жетекшісі болды. Настя Лаврова, Айя Алимбаева өз мүмкіндіктерінен төмен ойнады. Егер ойынның тактикалық сұлбаларын сақтағанда жақсы ойнар еді, бірақ бұл барлық қыздарға қатысты. Гулчехра Хусейнова екі матчты 2:2 есебімен жеңіп, шешуші ұпай берді. Мұнда екі жеке ойындардан кейін чемпионатта спортшыларды ауыстыруға болатын еді, егер біреулері нашар ойнағанын сезсем, мен осыны пайдаландым және қыздарды жіберіп отырдым. Барлық теннисшілер ақылды, күресе білді, алайда бір нәрсе, бір жерлерде жетіспеді. Осы маусымның ішінде олар әлі шыңдалады және біз бәсекелестікке басқа командаларды құратындығымызға сенемін.Осы күшті лигада «Астана» ойнайтындығы өте жақсы. Магнитогорск үшін қытайлық ойнайды және Гулчехра Хусейнова онымен қарсыласты, әрбір ұпай үшін табан тіресті.
Әрі қарай
ойынның белгілі бір кездерімен, беруді қабыдаумен, алғашқы доптың ұтыс
ойындарымен жұмыс істейтін боламыз. Бәрі дұрыс, теңгерім жағымды – төртінші
орынды алдық және бірінші ретке жаман емес.
Қарсыластың
деңгейі күшті және өтпелі ойын болған жоқ.Бүдірлермен,
қарсы топсиндермен ойнаған солақайлар көп болды.
Қазақстан спортшыларының шеберліктерінің өсуіне бірнеше қорғанушылар мен
осындай мәнердің әртүрлілігі жағымды ықпал етеді».
Суретте «Казаночка» (Казань) және
«Астана»
Талап Қойбағаров