Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы Сауд Арабиясындағы Ислам ынтымақтастығының VI ойындарында командалық турнирде үздік өнер көрсетті. Тәжікстанды, Бахрейнді, Катарды, Түркияны, Иранды жеңген біздің спортшылар алтын медальдарды жеңіп алды - Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев, Айдос Кенжигулов ерекшеленді.
Финал. Қазақстан-Иран 8:1.
Алан Курмангалиев/Айдос
Кенжигулов - Беньямин Фараджи/ Cейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
Кирилл Герасименко - Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
Алан Курмангалиев - Беньямин Фараджи 3:0.
Турнир жалғасуда. Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев бұдан әрі жеке және
жұптық разрядтарда ойнайды.

Талап
Қойбағаров

