Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының 1/8 финалында

05.05.2026

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының (Лондон) 1/8 финалына шықты. Біздің спортшылар испандықтармен кездесіп, оларды 3-1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қазақстан - Испания 3:1.


Алан Курмангалиев - Альваро Роблес 3:1.

Кирилл Герасименко - Хуан Перес 3:1.

Айдос Кенжигулов - Даниэль Берзоса 1:3.

Кирилл Герасименко - Альваро Роблес 3:0.


Сондай-ақ, алғаш рет 1/16 финалға жеткен Қазақстанның әйелдер командасын да атап өтеміз.


Қазақстан - Швеция 1:3.


Сарвиноз Миркадирова - Линда Бергстром 0:3.

Зауреш Акашева - Кристина Каллберг 3:2.

Анель Бахыт - Филиппа Берганд 0:3.

Зауреш Акашева - Линда Бергстром 1:3.


Талап Қойбағаров