Қазақстан құрамасы өте мықты қарсыластармен кездесті

20.02.2024

Бүгін Кореядағы үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыласы Гонконгтың мықты командасы болды, ол команда үшін 2020 жылғы жазғы Олимпиаданың қола жүлдегерлері, Әлем, Азия чемпионаттарының, Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегерлері Ду Хойкем, Ли Хо Чин және Азия чемпионатының жүлдегері Чжу Чэнчжу өнер көрсетті. Біздің жас спортшылар титулды қарсыластарына жол берді, бірақ қажетті ойын тәжірибесін жинады.

Анель Бақыт (Алматы), әлем чемпионатына алғаш рет қатысуда:

"Осы жерде, әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының арасында болғаныма қуаныштымын. Бүгін әйгілі Ду Хойкемге қарсы алаңға шықтым, онымен абыроймен шайқастым, бір партияны жеңіп алдым. Оның доп беруі ерекше, мен бұрын ондай доп беруді кездестірмегем. Осындай жоғары деңгейдегі теннисшімен матчтар өте пайдалы".

Ангелина Романовская (Павлодар облысы), сондай-ақ әлемдік біріншілікте алғаш рет:

"Мен мықты спортшылардың ойындарын көзбен көруге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын, олардан көп нәрсені үйренуге болады. Қарсыласым Ли Хо Чин маған өз ойынымды жүргізуге мүмкіндік бермеді, өйткені ол өте тәжірибелі теннисші. Оның доп беруі әдемі және оны айналдыруы күшті. Мен тырыстым, бірақ онымен күресу маған қиын болды. Мен өз қателіктерімді ескеремін және келесі жолы бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін".

Қазақстан-Гонконг 0:3.

Сарвиноз Мирқадірова – Чжу Чэнчжу 0:3;

Ангелина Романовская - Ли Хо Чин 0:3;

Анель Бақыт – Ду Хойкем 1:3.

Талап Қойбағаров, Пусан қ. (Корея)