Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы Астанадағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде, бүгін Сауд Арабиясы командасын жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 3:0 есебі матчтың шынайы шиеленісін, жекпе-жектің тартысты болғанын көрсетпейді. Сонымен, Кирилл Герасименко бесінші партияны 13:11-есебімен өте тартысты шайқаста жеңіп алды. Алан Курмангалиев партиялар бойынша 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ойынды 2:2 есебіне теңестірді ( 15:13, 14:12). Айдос Кенжигулов кездесуді жалпы жеңіске жеткізді.
Кирилл Герасименко – Алим Аззам 3:2
Алан
Курмангалиев - Альхадрави Али 3:2
Айдос Кенжигулов - Аль-Джадай Наиф 3:0.
Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстан, Иран командаларына
жеңіліп, қорытынды 14-ші орынды иеленді.
Чемпионаттың бас серіктестері: "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ және "Sport Qory" туризм және спорт индустриясын қолдау қоры
Бас демеушілер-Qazaq Oil және Beijing Blue Ocean Energy Co., LTD
Чемпионаттың ресми демеушілері Halyk Bank, ADD Capital, "Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің бас Қауымдастығы"ЗТБ, "Матен Петролеум" АҚ, "Хуавей Текнолоджиз Қазақстан" ЖШС, Xiamen Wanli Stone Co., LTD, China Xinxing Group Co.,LTD, China Hyway Group Limited
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі XXVII Азия чемпионатын ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін Алғыс білдіреміз.
Талап Қойбағаров