Қазақстан – Өзбекстан 2:0

08.11.2017

Алматыда «Оңтүстік астана» атты дәстүрлі халықаралық турнирі аяқталды, ондаӨзбекстаннан 90 спортшы және Қазақстанның қалалары мен облыстарынан спортшылар қатысты. Орталық Азияда Өзбекстан мен Қазақстан арасында әрқашан өткір спорттық бәсеке жүретіні ешкімге құпия емес. Және тағыда «Оңтүстік Астанада» шешуші ойында екі ағайынды халықтың өкілдері қатысты. Әйелдер арасындағы финалда Өзбекстанның спорт шебері және чемпионы, 2014 жылғы Жастар арасындағы Олимпияда Ойындарының қатысушысы Регина Кимға Астаналық спорт шебері, Жастар Ойындарының чемпионы Анастасия Лаврова қарсы тұрды. Матч өте қызықты да тартымды өтті, себебі екі спортшы да күштік шабуылдаушы теннис ойынын көрсетті. Әрбір бес партияның біреуі 11:9немесе «көп-аз» есебіменаяқталып отырды. Бұл жолы Анастасия Лаврованың бағы жанып 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы финалда бірінші орынды Өзбекстанның 2015 жылғы чемпионы, жастар арасында өткен Азияның іріктеу турнирінің қола жүлдегері Элмурод Халиков пен ТОП-16 турнирінің күміс жүлдегері, Қазақстанда өткен Жастар Ойындардың чемпионы Бекұлан Жамал(Оңтүстік Қазақстан облысы) сарапқа салды. Өткіршабуылдаушы стильді теннисшілер алғашқы шабуылда- ақ өте тез нәтижелі есептерімен көрермендерді қуантты. Бұндай теннис бәрінеде ұнайды. 4:2 есебімен Бекұлан Жамал чемпион болды.