Қазақстан мен Түркия Президенттері үстел теннисін ойнады

11.05.2022

10 мамырда Қазақстан Президенті Түркияға мемлекеттік сапармен келді. Ол Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне барып, Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың күзінде Қазақстанға сапармен келуге шақыруын қабылдады. Сондай-ақ, екі елдің басшылары өзара қарым-қатынастарды кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығаруға келісті. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар, ресми делегация мүшелері бірқатар құжаттарға қол қойды. Ресми іс-шаралар аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады. Фотосуреттерді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі жариялады.