Салтанатты рәсім Орынбор үстел теннисі академиясында ұйым басшыларының, жаттықтырушылар мен спортшылардың қатысуымен өтті. Құжатқа Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак пен Орынбор облыстық федерациясының вице-президенті Виктор Купчик қол қойды.
Бұл
меморандум мыналарды көздейді:
-
Тараптар алаңдарындағы жарыстарға қатысу;
-
бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
-
спорттық менеджмент және маркетинг саласында тәжірибе алмасу;
- спорт төрешілері мен жаттықтырушылардың біліктіліктерін арттыру бойынша семинарлар ұйымдастыру.





