3 шілдеде Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals ASTANA-2027-ге дайындық жолында маңызды оқиға өтті. KNUS Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу күндерінде 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын дайындау және өткізу шеңберінде өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа Қазақстан Республикасы үстел теннисі
федерациясының президенті Данияр Әбілғазин мен Халықаралық үстел теннисі
федерациясының президенті Петра Сёрлинг
(Швеция) қол қойды. Келісімге қол қою әлемдік үстел теннисі тарихындағы ең ірі
спорттық іс-шараға дайындықтың кезекті маңызды кезеңі болды.
Құжат ITTF халықаралық стандарттарына сәйкес әлем чемпионатын ұйымдастыру және өткізу бойынша тараптардың өзара іс-қимылын бекітеді. ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин:
"Бүгін біз 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу
туралы келісімге қол қоюдың - айрықша оқиғасына
куә болып отырмыз. Бұл Қазақстанда үстел теннисін дамыту және танымал ету
бойынша үлкен жұмыстың қисынды жалғасы. Халықаралық үстел теннисі Федерациясына
осы чемпионатты елімізде өткізуге сенім білдіргені үшін, сондай-ақ Астана қаласының
әкімдігі мен Туризм және спорт министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым
келеді. Бірлескен күш-жігермен біз әлем чемпионатын ең жоғары ұйымдастырушылық
деңгейде өткізетінімізге сенімдімін".
2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астана Орталық Азия
елдерінің тарихында алғаш рет ITTF World Table Tennis Championships Finals қабылдайды.
Чемпионат әлемнің ең мықты спортшыларын, 100-ден астам елдің өкілдерін, мыңдаған
жанкүйерлерді, ресми тұлғаларды, халықаралық серіктестер
мен әлемдік БАҚ өкілдерін жинайды.
Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра
Серлинг:
"Бүгін біз алдағы Әлем чемпионатына дайындықтың
жаңа кезеңін ашатын өте маңызды қадам жасадық. Қазақстанмен бірге біз ITTF
тарихындағы үздіктердің бірі болатын жоғары деңгейдегі турнир өткізетінімізге
сенімдімін. Қазақстанға, Астанаға, KNUS Қазақ ұлттық спорт университетіне және Қазақстанның
үстел теннисі Федерациясына тамаша ынтымақтастығы үшін алғыс айтамын. 2027 жылы
Астанада кездесуді асыға күтеміз".
Қазақстанға сапары аясында ITTF
делегациясы KNUS Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылуына да қатысады.
Келісімге қол қою спорт, ғылым және
спорт менеджменті саласындағы болашақ мамандарды даярлау орталығына айналатын қазіргі
заманғы спорт ЖОО-ның ашылу күнінде өтетіні маңызды болып табылады.
ITTF
World Table Tennis Championships Finals ASTANA-2027-ге дайындық Қазақстанның үстел
теннисі федерациясының, Халықаралық үстел теннисі федерациясының, ҚР Туризм және
спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің тығыз ынтымақтастығында жалғасуда.
Алдағы чемпионат отандық үстел
теннисінің тарихындағы ең ірі оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды әлемдік
спорт жұртшылығына ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге қабілетті ел
ретінде таныстырудың маңызды мүмкіндігі болмақ.




