8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жылы лебізімді қабыл алыңыздар! Көктемнің шуақты мерекесінде сіздерге деген шынайы сыйластығымызды білдіріп, жанұядағы мейірім мен шуақ, үйлесім мен жылылық үшін, жүректегі махаббат пен тыныштық үшін алғыс айтқымыз келеді. Сіздер сұлулық пен нәзіктіктің, кіршіксіз көңіл мен ақ жүректің символы, бізге шабыт сыйлаушы жандар болып қала бересіздер. Отбасыңызда бақыт пен шаттық атмосферасы салтанат құрып, жан жылуы азаймасын! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй мен барлық жақсылықты тілеймін! Игі тілекпен, Тимур Құлыбаев.