Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан Кубогы аяқталды, онда қарағандылықтар екі есе табысты ойындарын тойлады - олар ерлер мен әйелдер арасында бірінші орынға ие болды. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков финалда 3:0 есебімен шығыс қазақстандықтарды, өткен жылғы құрметті трофей иегерлерін жеңді. Үшінші орында 3:1есебімен Павлодар облысын жеңген Алматы құрамасы.
Қарағандылықтар Александра
Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Арай Әшкеева, Виктория Мочалкина шешуші
ойында 3:0 есебімен Алматы құрамасын жеңіп, Қазақстан Кубогын сақтап қалды.
Елордалық теннисшілер қола жүлдеге ие болды.
Ерлер.
1 орын Қарағанды облысы
2 орын Шығыс Қазақстан облысы
3 орын Алматы
4 орын Павлодар облысы
5 орын Шымкент
6 орын Абай облысы
7 орын Түркістан облысы
8 орын Астана.
Әйелдер.
1 орын Қарағанды облысы
2 орын Алматы
3 орын Астана
4 орын Түркістан облысы
5 орын Абай облысы
6 орын Шымкент
7 орын Маңғыстау облысы
8 орын Павлодар облысы.
Талап Қойбағаров