Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында 2009 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының командалық есебінде алтын медаль иегерлері анықталды. Ұлдар арасындағы финалда Батыс Қазақстан облысының құрамасы 3:2 есебімен Шымкентті жеңіп, ел ішінде ең мықтысы атанды - Ержігіт Серікбай, Мансұр Сүйіндік, Алдияр Аруов, Даниял Жұматов, Арсен Асқар ерекше көзге түсті. Екінші орында Бақдәулет Сауырбай, Аслан Талғат, Мерей Болатбек, Ігітәли Сұлтанмұратов, Дулат Ералхан. Чемпион команданың жаттықтырушысы Гүлчехра Құсейінованың пікірі:
"Финалға дейін жеңіске жету мүмкіндігі 50-де 50
болды, өйткені екі команданың да құрамы бірдей. Техникалық, тактикалық тұрғыдан
алғанда, спортшылар жақсы дайындалған және олардың психологиялық дайындықтары
алдыңғы орынға шықты. Жалпы есеп 2:2 кезінде Мансұр Сүйіндік Нұр-Сұлтан қаласының
командасына қарсы кездесудегі жартылай финалдағы сияқты ойын барысын өзгертіп,
Батыс Қазақстанға жеңіс әкелді".
Қыздар арасында бірінші орынды Шымкент және Қарағанды
облысы ұтысқа салды. 3:1 есебімен оңтүстікқазақстандықтар Ақниет Амангелді,
Руана Шымкентбай, Томирис Қасар, Қасар Байзақ, Салтанат Ералхан ел чемпиондары
атанды. Шымкенттің аға жаттықтырушысы Ердәулет
Оразбаевтың пікірі:
"Қарсылас лайықты, бірақ біз бүгін ойынға орналастырудан
дәл таптық, қыздар менің сенімімді ақтады. Алматыға барар алдында мен ұлдарда
"алтын" және қыздарда "қола" болатын шығар деп ойладым,
бірақ бұл да жаман болған жоқ. Енді жеке, жұптық, аралас разрядтарға назар
аударамыз".
Қарағандылықтар Дарья Фу, Юрана Ибраева, Меруерт Тәжімова,
Мария Лукьянова, Дарья Гуськова күміс жүлдеге ие болды.
Талап Қойбағаров