17-23 наурызда Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, онда командалық, жеке, жұптық және аралас разрядтарда (микст) медаль ойнатылады.
Қатысушылар арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері - Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Сарвиноз Миркадирова (Алматы), Айдос Кенжегұлов (Алматы), Зауреш Ақашева (Қарағанды облысы), Анель Бақыт (Алматы), Ирисбек Артукметов (Шымкент), сондай-ақ ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары Санжар Жұбанов (Алматы), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) бар.
Матч сағат 10:00 басталады.
Кіру тегін.
Мекенжайы: Нұркент ықшам ауданы, 14Б, «ADD USTEL TENNIS
ORTALYGY» үстел теннисі орталығы.
Талап Койбагаров