18 қарашада Бангкокта 33-ші Азия Кубогы аясында Азия үстел теннисі Одағының (ATTU) кезектен тыс бас жиналысы өтті.
Отырыс барысында ATTU Президенті Халил Әл-Моханнадидің 2022 жылғы іс-шаралары туралы және ұйымның
Бас хатшысының есептері тыңдалды. Қаржы мәселелері, 2023 жылға арналған Азия құрлығы
аумағындағы турнирлердің алдын ала күнтізбесі талқыланды, сондай-ақ спортшылар
комиссиясы мен номинациялар жөніндегі комиссияға сайлау өтті. Атқару комитетінің
қатысушылары да атқарылған жұмыстары туралы есеп берді, онда Орталық Азияда ірі
спорттық іс-шараларды өткізумен қатар, Қазақстан еліміздің облыстарында үстел
теннисінің Жаңа орталықтарының құрылысын атап өтті.
Сонымен қатар, 2022 жылы ATTU Вице-президенті, Қазақстан Үстел
теннисі федерациясының президенті Данияр
Әбілғазиннің жетекшілігімен біздің еліміз Азия жасөспірімдер чемпионатына
арналған Орталық Азия іріктеу турнирінен бастап бірқатар халықаралық спорттық
жарыстар өткізді, одан кейін Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан
және Қазақстандық ұлдар мен қыздарға арналған оқу-жаттығу жиыны өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан 2022 жылы ТМД елдерінің аумағында өткен
WTT турнирінің алғашқы жүргізушісі болды. "WTT Contender Almaty" халықаралық
турнирі 2022 жылғы 13-18 қыркүйек аралығында Алматыда өтті. Турнирге жиырма
сегіз елден 140 ойыншы қатысты.
2022 жылы жаттықтырушылардың тәжірибелік білімі мен
біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды. 2022 жылғы 7-16 шілде аралығында
Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында техникалық жаттықтырушылық
курстары және ITTF-PTT 1-деңгейдегі олимпиадалық ынтымақтастықтың жаттығу жиыны
өтті. Ал осы жылдың қараша айында Алматы өте маңызды "Asian Hopes Week
& Challenge 2022" құрлықтық іс-шарасын қабылдады, онда жас дарындар
ITTF жоғары білікті маманы, жаттықтырушы Массимо Костантинидің жетекшілігімен өз
дағдыларын жетілдіруге және бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік алды. Отырыс барысында Орталық Азия өңірінде үстел теннисін ілгерілету және
дамыту жөніндегі болашақ жоспарлар талқыланды. 2023 жылы Қазақстан алғаш рет
"WTT Youth Contender" жасөспірімдер халықаралық турнирін өткізуді,
сондай-ақ "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирін қайта қабылдауды
жоспарлап отыр. Айта кету керек, осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан
астанасында ұлттық және халықаралық жарыстарды өткізу үшін барлық талаптарға
жауап беретін "ADD Table Tennis Center Astana" жаңа заманауи үстел
теннисі Орталығы өз есігін ашады.
ATTU Азия Одағы Қазақстан үстел теннисі Федерациясы өзін әлемдік аренада маңызды орынға ие болғанын атап өтті және республикалық федерацияның халықаралық деңгейдегі старттарды ұйымдастырудағы, үстел теннисін ілгерілетудегі, спортшылар үшін жаттықтырушылық семинарлар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізудегі жетістіктерін ерекше атап көрсетті.