Кешен барлық үздік әлемдік стандарттарға толық жауап береді. Нысанның жалпы ауданы 3700 шаршы метрден асады. Жарыс кезеңінде орталықтың негізгі залы (2300 ш.м.) 16 үстелге есептелген және 20-сы күнделікті жаттығу сабақтары кезінде қол жетімді.
Орталық DHS фирмасының кәсіби спорттық құрал-жабдықтарымен
жабдықталған, сондай-ақ Enlio маркасының арнайы еден жабыны бар. Кешен 1500
люкс жарықтандыруды пайдаланады. Трибуналар 416 көрерменді орналастыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, Орталықтың инфрақұрылымына жаттығу құрылғылары бар залы,
медициналық кабинет, жаттықтырушыларға, төрешілерге арналған бөлмелер және
шешінетін бөлмелері, конференц-зал, асхана, спорттық мүкәммал мен жабдықтар дүкені
кіреді.
Мұның бәрі ADD TABLE TENNIS CENTER ASTANA - орталығында Халықаралық үстел
теннисі Федерациясының (ITTF) қолдауымен республикалық және халықаралық
турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді. Спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын өткізу
үшін барлық жағдайлар да қолжетімді.
Құрылыс құны 2 млрд. 900 млн. теңгені құрады. Инвестор ретінде Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин болды.