24 мамырда Дохада 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге үміткер ретінде Қазақстанның өтінімінің тұсаукесері аясында атаулы қабылдау өтеді. Іс-шара "Sheraton Grand Doha Resort & Convention Hotel" қонақ үйінің "Salwa" залында өтеді. Шақырылғандардың қатарында ұлттық федерациялардың делегаттары,
ITTF басшылығы мен атқару комитеті, бейінді комитеттер, сондай-ақ континенттік федерациялардың өкілдері бар. Іс-шараның мақсаты - әлемдік деңгейдегі ұйымдастырушы ретінде Қазақстанның әлеуетін таныстыру және халықаралық спорт қауымдастықтарымен ынтымақтастықты нығайту.