Азғантай үзіліс

28.10.2020

Қыркүйек, қазан айлары бойы біз 2020-2021 жылдардағы үстел теннисінен неміс Бундеслигасын мұқият қадағалаудамыз, онда Бремендік "Вердер" клубының құрамында қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсетеді. Германия чемпионаты жалғасуда, бірақ біздің жерлесіміз бен оның команда бойынша жолдастарын енді тек 29 қарашада көреміз. Бұл Вердер клубының көшбасшысы Матиас Фальктың (Швеция) Әлем кубогына (13-15 қараша, Қытай) және Гранд Финалға (19-22 қараша, Қытай) қатысуына байланысты.

Естеріңізге сала кетейін, Бундеслиганың ең мықты дивизионында 12 клуб ойнайды және "Вердер" клубы 7 орында келе жатыр - бұл 3 жеңіс, 4 жеңіліс. Кирилдің көрсеткіштері: плюс 4, минус 3.

Талап Қойбағаров