Қазақстандықтар Дастан және Айдос Кенжигуловтар үстел теннисінен Австрия Кубогында сәтті өнер көрсетті.
Құрамында Айдос Кенжигулов өнер көрсететін жеңіс тұғырының
қазіргі иегері «Штоккерау» клубы, финалда 3-1
есебімен «Вельс» клубын жеңіп, өз
тарихында төртінші рет Кубокты жеңіп алды. Бұл матчта Айдос қарсыласынан мықтырақ
болып, 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Дастан Кенжигулов «Баден» клубы сапында Австрия Кубогының қола жүлдегері атанды.


Талап Қойбағаров

