Ақтық сайыстарды күтеміз

09.10.2018

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтуде. 10 қазанда жеке есепте алтын медальді ағайындылар Дастан және Айдос Кенжеғұловтар (суретте, Батыс Қазақстан облысы) өзара ұтысқа салатын болады. Қола жүлделерге Владислав Захаров (Қарағанды облысы) және Бейбол Сағын (Ақтөбе облысы) иеленді. Қыздар арасында бірінші орынға Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) және Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) шайқасқа түсетін болады. Үшінші орынды Анель Бақыт (Алматы) және Ангелина Романовская (Павлодар облысы) иеленді.

Талап Қойбағаров