Жоғары халықаралық санаттағы төреші Тимур Ходжаев (Қазақстан) Үндістанда XXVIII командалық Азия чемпионатын өткізу кезеңінде өткен ATTU (Азия үстел теннисі одағы) төрешілер комитетінің отырысына қатысты.
Отырыс жемісті өтті және ATTU қолдауымен төрешілерді
іріктеудің ұтымды тәсілін әзірлеу, төрешілер тренингтері мен семинарлар бағдарламасын
жандандыру, Азия төрешілерінің электрондық дерекқорын құру туралы
шешім қабылданды.
2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Бхубанешварда (Үндістан) өткен
Азия чемпионатында Тимур Ходжаевтың жұмысын жарыстың бас төрешісі Ву Фей (Қытай),
бас төрешінің орынбасары Конно Кей (Жапония) және халықаралық төреші Ло Мун Хо
(Гонконг) жоғары бағалады.
Талап Қойбағаров

