ATTU Кеңесінің отырысы

23.05.2025

Дохада (Катар) әлем чемпионаты аясында (ATTU) Азия үстел теннисі одағы Кеңесінің отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті, Орталық Азия бойынша ATTU вице-президенті Данияр Абулгазин қатысты.

Күн тәртібінде (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Бас Ассамблеясына дайындықтың негізгі мәселелері, ұсыныстар мен қарарларды талдау талқыланды. Алдағы Азия турнирлерін ұйымдастыруға, сондай-ақ дауыс беру рәсімдерін жақсартуға және халықаралық бастамаларды үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Қазақстан өңірде үстел теннисін дамытудың негізгі аспектілерін қалыптастыруға белсенді қатысуды жалғастыруда, сондай-ақ елдің халықаралық спорт қоғамдастығындағы позициясын нығайтуда.