Алғаш рет Атбасар қаласында үстел теннисі бойынша турнир өтті, оған Қостанай, Көкшетау, Шымкент, Щучинск, Балқаш, Қарқаралы, Атбасар, Ақмола облысының Шортанды және Астрахан аудандарынан 60-тан астам бозбалалар қатысты.Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Евгений Тимченко:«Жарыс алғаш рет өткізілсе де, ұйымдастырушылардың бокс, күрес және басқа да спорт түрлері бойынша ірі іс-шараларды өткізу тәжірибесі бар.Міне, үстел теннисінің уақыты келді.Барлығы жоғары деңгейде болды, балалар қажетті жарыстық тәжірибе алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болды».
2004-2005 ж. т. теннисшілер арасындағы жеке жарыстар:
1 орын С.Қуатбеков (Атбасар), 2 орын
Б.Абибұла (Шымкент), 3 орын З.Аминов (Көкшетау).
2006 ж.т және одан жас балалар арасында:1-Ф.Забанов (Атбасар), 2-
Е.Мақатай (Қарқаралы), 3- Г.Мейрам (Қарқаралы).
2001 ж.т және одан жас балалар арасында:1- А.Мұқанов (Көкшетау), 2- А.Жанғабаев (Көкшетау), 3-
М.Абибұла (Шымкент).
Командалық есепте құрмет тұғырында
Атбасар-1 және Атбасар-2, Көкшетау, Қостанай және Қарағанды облыстарының
құрамалары.Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир дәстүрлі болады.
Талап Қойбағаров