Қазақстандық кіші ракетка шеберлерінің жылдық бастамалары спорттық іс-шараларға толы болады.
5 және 10 қаңтар аралығында Бішкекте
(Қырғызстан) Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан,
Өзбекстаннан келген 10 және 11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардың қатысуымен
үстел теннисінен «Regional Hopes Week Central Asia» турнирі
өтеді. Біздің республикамыздың атынан Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Рамазан
Нәзір (Түркістан облысы), Алиса Цвигун (Астана) және Виктория Мочалкина
(Қарағанды) шығады.
6 және 11 қаңтар аралығында Дюссельдорфта
(Германия) Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко және еліміздің
ұлттық құрамасының жаттықтырушы–кеңесшісі Дмитрий Левенко техникалық-тактикалық
дайындық бойынша ОЖЖ өткізеді.
10 және 13 қаңтар аралығында, Алматы қ. елдің Ұлттық құрамасының негізгі құрамына іріктеу турнирі;
15 және 20 қаңтарда Будапешт
қ. Венгрия, «ITTF World Tour Hungarian Open» Халықаралық турнирі;
17 және 19 қаңтарда, Алматы
қаласы: «ТОП - 12» атты Қазақстан Республикасының мықты спортшылары арасындағы
турнирі;
29 қаңтар және 5 ақпан аралығында, Астана
қаласы: Қазақстан Республикасының Спартакиадасы.
Талап Қойбағаров