Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы үйрен

20.06.2018

Алматыда еліміздің ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың басшылығымен өткен Қазақстанның шағын ракетка шеберлерінің 11-күндік оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) аяқталып келеді. Облыс орталықтарынан келген тәлімгерлер ОЖЖ жайлы өз пікірлерімен бөлісуде.

Қуаныш Жунельбаев (Ақтөбе), КСРО спорт шебері, командалық есептегі «Локомотив» Орталық Одағының бірнеше дүркін жүлдегері, жүптық разрядтағы ҚКСР чемпионатының күміс жүлдегері, жеке есептегі ҚКСР чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, жаттықтырушылық өтілі 48 жыл:



«ОЖЖ-дан алған әсерім жақсы, оңтайлы. Тәжірибелі жаттықтырушы, Дмитрий Левенконың шәкірттері Еуропа чемпионатында сәтті ойын көрсетті, ал кеңес заманында ол Украинада тиімді еңбек етті.Қазіргі үстел теннисі өте жылдам, жаңа технологиялар пайда болды, осылардың бәрін Дмитрий сәтті қолануда. ОЖЖ кезінде жас теннисшілердің ойын техникалары жақсы жаққа қарай өзгергендігі көрінді, олар тәжірибе жинады, ойын алаңында өздерін сенімді ұстайтын болды. Кирилл Герасименкодан басқа біздің ешбір ойыншыларымыз бұрын доп траекториясының ұшуы бойынша ойнаған емес, ал бұл болса қазір бірден пайда болатын сенімділік пен тиімділіктің негізі болып саналады. Осыған және ойынның басқада қазіргі заман элеметтеріне Дмитрий үйретті. Оқу-жаттығу жиынында Ақтөбе облысының атынан үш спортшы шықтыоларБекбол Сағын, Деас Мархабаев және Есенгелді Жаңай. Левенко Бекболдың жақсы ойын техникасын атап өтті. Мен өзімінің жаттықтырушылық мансабымдакөптеген керемет теннисшілерді дайындадым,оларКСРО, ҚКСР, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында сәтті ойын көрсеткен болатын, және өмірлік үлкен тәжірибем болсада, мен Дмитрий Левенкодан көп нәрсені үйрендім. Ғасыр бойы өмір сүр – ғасыр бойы үйрен».


Лиля Магалеева (Қостанай),ҚР спорт шебері, Қазақстанның жұптық разрядтағы чемпионы, командалық есептегі ел чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасының спартакиадасы қола жүлдегері, жаттықтырушылық өтілі 18 жыл:



«Дмитрий Левенконың бұрында ОЖЖ Алматыда өткізетінін білетінмін,бірақ мен осындай әйгілі жаттықтырушының жиынына бірінші рет қатысып отырмын. Оның жұмыс қабілеттілігін көрдім, қандай ынтамен ол жаттықтыруларды өткізетінін байқадым. Төрт сағат бойы ол спортшылармен айналысады және бізге де жаттықтырушыларға уақыт табады. Барлығы жағымды түрде ешбір шаршаусыз өтеді. Қуана-қуана жұмыс істейді, онысы маған қатты ұнады. Мен өз шәкірттеріме ОЖЖ сиқырды көрмейсіңдер деп айтқан болатынмын. Барлығы жік-жігімен, егжей-тегжейлі Дмитрий көрсеткендей және осының бәрін бір жерге жинасақ, онда талпынысымыз жақсы болады. Бүгін ол бір нәрсені айтса, сен оны өзіңе белгілеп қой. Ертең ол басқа нәрсені айтады, сен тағы да өзіңе оның айтқанын белгілеп қой және оның айтқан әрбір сөздерінің мағынасына құлақ салып тыңдау керек. Біз балалармен қалай жұмыс істейміз? Тапсырма береміз – спортшылар оны орындайды. Келесі тапсырманы береміз – тағыда орындайды. Үзіліс жоқ деп айтуға болады, балалар шаршайды және қызығушылықтарын жоғалтады. Дмитрий Левенко тапсырма береді, спортшылар орындайды, ол барлығын жинайды және әр нәрсені егжей-тегжейлі бөлшектейді: қандай нәрсе дұрыс істелді, қай жерде қателік жіберілді. Кейбір кезде бір тапсырма бүкіл жаттығуды алып қояды, бірақ бұл өте қызықты. Менімен бірге келген балалар бірінші күндері жаттығуларды ауыр қабылдайтын (үш жарым сағат). Бірітіндеп үйреніп кетті, және қазір ешбір шағымсыз залда 4 сағаттан жаттығады».


Талап Қойбағаров