"ASYQATA" спорт кешені

20.12.2025

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінде салтанатты жағдайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатовтың қатысуымен "ASYQATA" спорт кешені ашылды.

Құттықтау сөзінде Нұралхан Көшеров өңірде спортты дамыту бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып, пайдалануға берілген спорт кешені өскелең ұрпақтың спорттық тәрбиесіне зор үлес қосатынына сенім білдірді. ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов қатысушыларға тілегін білдірді:


"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және өңірлерде заманауи спорт инфрақұрылымын құру мәселелеріне ерекше назар аударады. Мұндай жобаларды іске асыру ұлт денсаулығын нығайтуға және елдің спорттық резервін қалыптастыруға ықпал етеді. ҚР Үстел теннисі федерациясы ел өңірлерінде теннис орталықтарын салу бойынша жобаларды іске асыра отырып, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Үстел теннисінің заманауи орталықтары Астана, Алматы (Екі Орталық), Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Талдықорған, Петропавл, Қызылорда қалаларында жұмыс істейді. Спорт мектептерінде спорт залдары мен үстел теннисі бөлімдері ашылады, біздің спорттың түрлері барлығына қолжетімді болады.

Біз Асықата кентінде спорт кешенін кездейсоқ ашпаймыз, өйткені Жетісай ауданы Қазақстандағы ең тығыз қоныстанғандардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, ел Кубогының иегерлерін, Қазақстан чемпионаттарының, еліміздің жастар біріншіліктерінің, үстел теннисінен халықаралық турнирлердің жүлдегерлерін - Абдулла Мамай, Рамазан Назир, Назым Серікбай, Орынбасар Есімхан, Назерке Болатбекті дайындаған білікті жаттықтырушы штат бар".


"ASYQATA" спорт кешенінде екі зал бар. Біріншісінде, ауданы 540 ш.м., 9 кәсіби үстел, арнайы еден жабындысы және төрешілер жабдықтары бар үстел теннисі залы. Мұнда облыстық және республикалық жарыстар өткізуге болады.

Жалпы ауданы 560 ш. м. бокс пен күрес түрлеріне арналған заманауи спорт жабдықтарымен екінші зал бар.

Сонымен қатар, 30 орындық қонақ үй, асхана, медициналық кабинет, жаттықтыратын жер мен шешінетін бөлмелер, екі сауна, сондай-ақ ашық шағын футбол алаңы бар.


Жалпы құны 1 млрд.200 млн. теңге болатын спорт кешені құрылысының инвесторы " Sport Asset Management" ҚБ, оның төрағасы ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин болып табылады.


Талап Қойбағаров