14 желтоқсанда «Дәулет» спорт клубында үстел теннисі бойынша Гранд-Финал Әлемдік Тур басталады. Үздіктердің үздіктері – олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары, Еуропа және Азия әлемдік турлардың жеңімпаздары Қазақстан астанасына ұшып келді. Жүлде қоры 1миллион АҚШ доллары. Қазақстаннан спорт шебері Кирилл Герасименко (Астана), ол 15 желтоқсанда күреске енеді және оның қарсыласы 14 жастағы жапондық вундеркинд Томоказу Харимото. Қалған жұптар төмендегідей болып белгіленді: Дмитрий Овчаров (Германия) - Коки Нива (Жапония), Тимо Болль (Германия) - Юя Ошима (Жапония), Фан Жендонг (Қытай) - Чван Чиюан (Тайбэй), Линь Гаоюань (Қытай) - Масаки Йошида (Жапония), Сюй Синь (Қытай) - Кента Матсудайра (Жапония), Симон Гаузи (Франция) - Фанг Бо (Қытай), Владимир Самсонов (Беларусь) - Вонг Чун Тинг (Гонконг). Олимпиадалық жүйе: жеңілді - ұшып кетті. Кирилге табыс тілейік!
Суретте: спорт кешені Гранд-Финалға дайын