Мұндай тарихи шешім бүгін (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Бас Ассамблеясының отырысында қабылданды, онда 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттары өтетін елдер анықталды.
Бірінші
раундтың қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші раундқа Қазақстан
мен Франция шықты.
Финалдық дауыс беру келесідей бөлінді:
• Қазақстан
- 54,68 %
• Франция - 45,32
%
Тарихта тұңғыш рет біздің еліміз әлемдік үстел теннисінің басты турнирін өткізеді! Барлық қазақстандықтарды - спортшыларды, жаттықтырушыларды, жанкүйерлерді, спорт ардагерлерін осы тарихи оқиғамен құттықтаймыз.
Астанада XXVII Азия чемпионатын сәтті өткізу бұл таңдауда
маңызды рөл атқарғанын атап өту маңызды - біз ұйымдастырудың жоғары деңгейін, қонақжайлылық
пен үстел теннисіне деген құштарлықты көрсеттік.
Алдағы
әлем чемпионаттарын ұйымдастыру комитеттері:
•
2027 - Қазақстан
(Астана)
•
2028 - Жапония
(Фукуока)
•
2029 - Бразилия (Рио-де-Жанейро)