Қарсыластар мықты, лайықты

16.09.2025

16 қыркүйекте Түркияда (Каппадокия) Австрия, Әзірбайжан, Англия, Бельгия, Бразилия, Венгрия, Венесуэла, Грекия, Дания, Мысыр, Иран, Үндістан, Испания, Қазақстан, Корея, Колумбия, Румыния, Словакия, Словения, Сингапур, Түркия, Тайбэй, Өзбекстан, Чили, Швейцария, Жапония спортшыларының қатысуымен үстел теннисінен "WTT Feeder Cappadocia II" халықаралық турнирі басталады.

Біздің еліміздің атынан Дастан және Айдос Кенжигуловтар, Жанерке Кошкумбаева, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жубанов, Ангелина Романовская, Анель Бахыт, Бакдаулет Акимали, Владислав Захаров, Ирисбек Артукметов өнер көрсетеді.


Талап Қойбағаров