Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жаңа күндері

13.06.2020

"Swaythling Club" (бұрынғы әлем чемпиондары қауымдастығы) және Халықаралық үстел теннисі федерациясы арасында ұзақ талқылаудан кейін, жергілікті ұйымдастыру комитеті мен Француз федерациясы ардагерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізудің жаңа күндерін бекітті: 2021 жылы 26 сәуір және 2 мамыр аралығы. Бордо қаласының Велодромында жарыс үшін 36 үстел орнатылады, жаттығу үшін 40 үстел және Table Tennis ойнағысы келетіндерге арналған 152 үстел көрме орталығында орнатылатын болады.

Талап Қойбағаров