Каннын қаласында (Корея) 86 елден 2600 спортшының қатысуымен ардагерлер арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионаты (ITTF World Masters Table Tennis Championships Gangneung) аяқталуда. Қазақстандықтар медаль ала алмады, бірақ лайықты өнерлерімен, жақсы нәтиже көрсетті. Осылайша, ерлер арасындағы ширек финалға Махатай Рамазанұлы/Леонид Базаров (Қазақстан/Ресей, 75 жас санаты) және Никанор Ким/ Евгений Кацеленбогин (Қазақстан/Ресей, 65 жас) жетті.
Жарыс жеке, жұптық және аралас разрядтарда 40 жас, 45,
50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85 және 90 жас санаттарында өтеді.
Талап Қойбағаров

