Қарағанды облысында Федерацияның жаңа төрағасы

29.01.2026

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды. Мұндай шешім Қарағанды қаласында өткен Федерацияның құрылтай жиналысында қабылданды.

Үстел теннисі облыста бай дәстүрге ие - мұнда жастар әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың медаль иегерлері, еліміздің ұлттық, жастар, жасөспірімдер құрама командаларының мүшелері дайындалды.


Федерацияның жаңа төрағасына жеңіс дәстүрлерін сақтау және көбейту, кәсіби спортты одан әрі дамыту, жоғары деңгейдегі теннисшілерді даярлау, бұқаралық іс-шараларға жәрдемдесу, халықты үстел теннисімен жүйелі түрде айналысуға кеңінен тарту, Қазақстан мен Қарағанды облысының имиджін халықаралық аренада ілгерілету бойынша жұмыс күтіп тұр.


Талап Қойбағаров