(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының президенті Томас Вайкерт ITTF Атқарушы комитетінің отырысын өткізіп, соңғы жылдың нәтижелерін талқылады және алдағы 2021 жылдың мәселелерін қарастырды. Жиналыстың негізгі шешімдері:
- Бұл соңғы онжылдықтардағы ең қиын жыл болса да, ITTF
2020 жылды көреген іс-әрекеттің арқасында қаржылық шығынсыз аяқтады;
- Жыл соңында өткен Әлем Кубогы, "ITTF Finals"
турнирі, Чемпиондар Лигасының еуропалық финалы, 2021 жылы үстел теннисі үшін сәтті
болады деген үміт береді;
-Корея Республикасында COVID-19 оқиғаларының көбеюіне,
сондай-ақ Корея үстел теннисі қауымдастығының президенті Рю Сын Миннің
хабарламасына байланысты, ITTF Атқарушы комитеті 2021 жылдың ақпан айына
жоспарланған Пусанадағы (Оңтүстік Корея) командалық әлем чемпионатын болдырмауға
шешім қабылдады. Пусанадағы ұйымдастыру комитеті Токиода өтетін жазғы Олимпиада
ойындарынан кейін әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр. 2021 жылдың қаңтарында
осы іс-шара туралы шешімнің нәтижелері жарияланады.
Талап Қойбағаров