Ресей үстел теннисі Федерациясының (РҮТФ) командалық чемпионатының директоры - Виктор Батовтың төрағалығымен РҮТФ лигалары өкілдерінің кеңесі өтті, онда чемпионаттың 1, 2 - турларына қатысушылар, өтетін орны, күні бекітілді. Егер Ресей мен Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берсе, онда жарысқа TTC "Astana", "TT Club Karaganda" қатысады. Елордалық және қарағандылық теннисшілер Суперлигада 4-8 қараша аралығында Верхняя Пышма қаласында (Свердлов облысы) өнер көрсететін болады, ал Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер құрамы Магнитогорск қаласында 29 қазан - 1 қараша аралығында ойнайды. "TT Club Karaganda" әйелдер клубы Жоғары лигада дебют жасайды (29 қазан-1 қараша, Орынбор).
РҮТФ лигалары өкілдерінің кеңесі чемпионаттың барлық қатысушыларына
- спортшыларға, жаттықтырушыларға, команда өкілдеріне, төрешілерге, әкімшілік қызметкерлерге
және т.б. қызметкерлерге ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу анықтамаларын міндетті
түрде ұсыну туралы еске салды, алынған нәтижелер жарыс басталғанға дейін үш күн
бұрын ұсынылуы қажет.
Талап Қойбағаров